Бұл спектакльде біздің қоғам үшін өзектілігі басым тұрған тастанды, жетім балалар және жалғыз басты аналар тақырыбы қозғалады. Яғни, таңдап отырған спектакльде бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырып қамтылған. Қай заманда болса да ел болашағы өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екені анық. «Тәрбие - тал бесіктен», - дейді халқымыз. Сол ұрпақты дүниеге әкелетін, оған тәрбие беретін Аналарымыздың жағдайы бұл күнде қандай? Неге қоғамда тастанды балалар көбейді? Туа салып сәбиінен жерінетін безбүйрек аналар қайдан шықты? Қазіргі кезде жетім балалар үйінде қаншама сәби ана мейірімін, ана қамқорлығын сезінбей өсіп келеді. Ананың аялы алақанынының жылуын сезінбеген бала қатыгез болып өседі. Ондай ұрпаққа қара шаңырақ, туған жер, отан деген ұғымдар жат болуы мүмкін. Дүниені тек байлықпен, ақшамен ғана өлшейтін алпауыттарға не дейміз? Қай қоғамның болса да ең қасиетті құндылығы Ана мен Бала болу керек! Ана - тіршілік көзі, Бала - өмірдің жалғасы! Аталмыш спектакль ұрпағының болашағы үшін жанкешті тірлікке барған ана туралы болмақ.
Э.Филиппоның «Әйел құпиясы» қойылымы әйел тағдырын қозғайды. Оның көрген қиыншылықтары, тағдыр тауқыметі туралы шығарма. Бұл спектакль әр адамның ұрпақ алдындағы жауапкершілілікті сезінуге және Алла алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырады. Жер бетінде не болса да бір Жаратушының ғана қалауымен болады. Сол себептен, бұл қойылымның маңызы зор.
«Үш басты жылан бірін-бірі жеңемін деп жүргенде уақыт озады, өздері де тозады. Жыланда бір бас, бірнеше құйрық болғаны ыңғайлы».
Бопай ханым Әбілқайырдың зайыбы, қиын күндерде ел тыныштығы мен бірлігі үшін пенде басындағы қайғыны да, ауыртпалық пен алауыздықты жеңе білген көреген қазақ әйелі.
Әбілқайырдан кейінгі ұлт тағдырының таразысы тек Бопайға біткен болмыс, Бопайға берілген құзырет. Бопайдың қайраткерлік тұлғасы, асыл ана ретінде тәрбиелік өнегесі ұлтқа мақтаныш, ұрпаққа үлгі.
Актерлік құрам: Лейло Бекназар, Ержан Нұрымбет, Қуандық Қыстықбай, Нұркен Өтеуіл, Ақыш Омар, Жанат Оспанов, Айнұр Бермұхамбетова, Сая Тоқманғалиева, Сырым Қашқабаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Асылбек Қапаев, Мейрам Қайсанов, Бәзіл Сұлтанғазы, Арай Омарова, Әнуар Бектас, Ақжол Мамыр.