Әулеттің қарашаңырағы- қадірлі,қастерлі, қасиетті үлкен үй.
Қойылым ерте замандағы әпсаналарға сүйене отырып, адамдардың қарашаңыраққа деген адалдық пен сол замандағы адамдардың түп тамырға деген сый-құрметі туралы қиссаны жеткізеді. Бір шаңырақтан тараған бірнеше ұрпақ әкелерінен теріс бата алып , ібілістің азғыруымен сан алуан жағдаяттарды бастарынан кешеді. Балалары үлкен үйге деген сағынышын жылдар бойы дәлелдеп, қайта оралуға тырысады.
Қиссадан ерте заман мен қазіргі замануи отбасылық құндылықтарды салыстырып, ұрпақ аралық тұтастықтың қандай болатынын тамашалай аласыздыр.